Басты Жаңалықтар «Сағыз» құрамасы «Таңшолпанда» (ВИДЕО)

«Сағыз» құрамасы «Таңшолпанда» (ВИДЕО)

Бүгін «Жайдарман» тобының «Сағыз» құрамасы бағдарлама қонағы болды. Құрама ойыншылары Ернар Сақыпов, Жасұлан Сапаров, Қуаныш Кеңесов, Алжар Ғазез шығармашылық жаңалықтарымен бөлісті.

«10-11 сәуір Астанада Жоғары лигада «жайдармандықтар» өнер көрсетеді. Соған дайындық үстіндеміз. «Жайдарманда» өзгерістер көп. Шығармашылық бәсекелсетік үлкен. Сыртқа көрінбесе де, өзімізге анық. Биыл ойнағанымызға - 8 жыл.

Сценарийді басында Ернар жазатын, қазір барлығымыз топ болып, жазамыз. Негізі, ауылда жазғанда шабыт жақсы келеді», - дейді жігіттер.

Бөлісу