Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен оның Орталық Азияға ықпалы
Таяу Шығыста толық тыныштық орнай ма? Иә қазір әлем назары осы аумаққа ауып тұр. АҚШ, Мысыр, Қатар және Түркия секілді елдер күш салып, тұп-тура 2 жылға жалғасқан Газадағы соғыс тоқтады. Израиль мен «ХАМАС» тұтқын алмасты. Күні кеше Мысырда бейбітшілік саммиті де өтті. Талқыланған басты мәселелер – Газаны қалпына келтіру және тұтас Таяу Шығыста тұрақтылық орнату. Дәл осы тақырып бойынша қазір сарапшы Шаяхмет Тоқубаев тікелей эфирге қосылып, пікір білдіруге дайын.
Шаяхмет Тоқубаев, PhD, халықаралық қатынастар бойынша ассистент-профессор:Бүгінгі уақытта соғыс тоқтады деп айту қиындау болып тұр. Өйткені Трамптың ұсынған жоспары бойынша бірінші кезеңде қақтығыстар тоқтатылып, тұтқындағы адамдар алмастырады. Бұл мәселе жүзеге асырылды. Екінші «ХАМАС» кейбір қару-жарақ түрлерінен бас тартуға дайын екенін жариялады. Бірақ ары қарай толықтай қарусыздандырылуға дайын емес екендігіне сигнал бергенін білеміз. Сондықтан тұрақты бейбітшілік орнады деу қиындау. Бірақ үміт жоғары.
Күні кеше Мемлекет басшысы АҚШ Президентін Газа секторындағы бейбітшілікті орнатуда елеулі дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтағанын білеміз. Ал осы бейбіт келісім Қазақстанның сыртқы саясатына және экономикасына қаншалықты әсер етеді?
Шаяхмет Тоқубаев, PhD, халықаралық қатынастар бойынша ассистент-профессор:
Әлбетте экономикалық тұрғыдан Орталық Азия, соның ішінде Қазақстанның экономикалық дамуына бұл соғыстың тоқтауы позитивті әсер береді. Өйткені бұл жерде әуе қатынастары болсын, теңіз арқылы жүргізілетін сауда-саттық жолдары болсын жеңілдеп, осы соғыстың себебінен тоқтап қалған біраз сауда-саттықтардың қайта жандануына мүмкіндік береді. Екіншіден, ол Таяу Шығыстағы мемлекеттердің инвестициялық потенциалы Қазақстанға келуі мүмкіндігі жоғарылайды. Израильден келетін жоғары технологиялардың импорты да күшеюі мүмкіндігі бар. Осы мәселелердің аясында әлбетте Қазақстан үшін бұл бейбітшілік үлкен бір нәтиже береді деген ойдамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
