Әлемді елең еткізген жаңалықтарға шолу
Грекияда жалпыұлттық ереуіл жарияланды. Тұрғындар жұмыс уақытын ұзарту туралы заң жобасына наразы. Үкімет құжат еңбек нарығын тиімді етуге бағытталған деп мәлімдеді. Ал кәсіподақтардың пікірінше, заң жобасы еңбек құқығы негіздеріне қайшы.
Мексикада су тасқынынан қаза тапқандар мен жоғалғандар саны 130-ға жетті.
Елдің 5 штатында 150 елді мекенді су басқан. Бұл өңірлерге жауындатып соққан екі тропикалық дауыл соққы берді.
Алтын бағасы 4100 доллардан асты. Бұл металл жыл басынан бері 57 пайызға қымбаттаған. Кейбір болжамдарға қарағанда, 2026 жылға дейін алтынның бір унциясының бағасы 5000 долларға жетуі мүмкін.
Google Үндістанда ірі ЖИ-хаб құруға 15 млрд доллар бөлмек. Бұл АҚШ-тан тысқары ең ірі мәліметтерді өңдеу және жасанды интеллект орталығы болмақ. Қуаты 1 гигаваттқа жететін жоба Андхра-Прадеш штатының Вишакхапатнам қаласында орналасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
