Түрмесіз далада, қорасыз қой бағып, мылтықсыз аң аулаған қазақ «ет-жақындарыма қарыздармын», дейтін бұрын. Бүгін «қарызбын» деген қатты сөз шықты. Басқасы былай тұрсын, бас аманда банктерге белшеден берешек болып жүрген қандастарымыз көп. Қазақстанда 8,5 миллион адам еңбекке қабілетті, соның 5 миллионының мойнында банктің несиесі бар.
17 миллион халықтың 8 миллионы ғана жұмыс істей алады десек, солардың 63 пайызы банкке қарыз. 1 миллионнан астамы ұялы телефондарын алмай, қарызын қайтармай қашып жүр.
Заңгер Жандос Тұяқов: «Көп тұрғындар банк беріп тұрған соң қол қоя салдым деп ақталады», дейді. Маман алдымен несие келісімшартымен мұқият танысу керектігін атап өтті.
Тақырыпты толығырақ «Мәселе» бағдарламасында журналист Әлия Әшім кеңінен зерттеп көрді.