«Таңшолпан». 15 мың медаль, төсбелгі монета жинаған Қайырбек (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». 15 мың медаль, төсбелгі монета жинаған Қайырбек (ВИДЕО)

29.03.2017

Қайырбек Құдайбердіұлының «жұлдыз ауруымен» ауырғанына 48 жыл болыпты. Дұрыс түсініңіз! Кейіпкеріміз кәдімгі төске қадайтын жұлдыз, орден, медальдар жинайды екен. Бүгінде жинаған коллекциясының саны 15 мыңнан асқан. Бір қызығы – олар ешбір қайталанбайды. Тек бір данадан. Әрқайсысының шығу тарихы бар.

«Жәдігерлердің барлығы мен үшін қымбат. Өйткені, бұл - біздің еліміздің тарихы. Коллекциямның 12 мыңын мұражайға өткізгенмін. Келешекте ұрпағымыз осындай жәдігерлерді көріп, сана-сезімдері ұлғайып, тарихымызды білетін болады», - дейді қария.  

Хабарламаларға жазылу