Мәншүк Мәметоваға арналған монета айналымға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәншүк Мәметоваға арналған монета айналымға шықты

04.11.2022

100 жылдыққа 100 теңге! Ұлттық банк «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан Мәншүк Мәметоваға 100 жыл коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. Оның бір жағында елтаңба мен ою-өрнектер ал, екінші жағында Мәншүктің бейнесі және КСРО Батырының алтын жұлдызы және туған жылы мен мерейтойлық датаны білдерітен жылдар жазулы. Әрі Мәметова ерлік жасап, қаза болған «НЕВЕЛЬ» қаласының картасын көруге болады. 15 мың данамен шыққан монета барлық төлем түріне жарамды.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу