Бүгін - Адамдар ынтымақтастығының халықаралық күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Адамдар ынтымақтастығының халықаралық күні

20.12.2016
Бүгін - Адамдар ынтымақтастығының халықаралық күні

Адамдар ынтымақтастығының халықаралық күні. Кедейшілікті жоюмен күрес жөніндегі БҰҰ-ның бірінші онжылдығы шеңберінде 2005 жылы 22 желтоқсанда Бас Ассамблея жыл сайын 20-желтоқсанда Адамдар ынтымақтастығының халықаралық күнін атап өту туралы шешім шығарды. Бұл шешімді қабылдау кезінде Бас Ассамблея Мыңжылдық декларацияда ынтымақтастық XXI ғасырдағы халықаралық қатынастар негізі болып табылатын түпкілікті және салалы құндылық деп танылғанын еске салды.

14 жыл бұрын (2002) Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен БҰҰ-ның мемлекеттік қызмет күні бекітілді.

46 жыл бұрын (1970) Сұлтан Қожықовтың қазақтың ұлттық кинематографиясы алтын қорының мұрасына айналған әйгілі кинотуындысы «Қыз Жібек» экранға шықты. Туынды көпшілік қауымның көзайымы, нағыз халық киносына айналды және әлемнің 70-тен астам елінде тамашаланды. Фильм Алматы облысының Күрті ауданында, Іле өзенінің жағасы мен Жаркентте түсірілді. Қазақтың ең танымал фильмдерінің бірін шығарғаны үшін режиссер Сұлтан Қожықов Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлығын иеленді. Үздік кинотуындының сценариін жазған Ғабит Мүсірепов болатын.

қыз-жібек

103 жыл бұрын (1913-1989) актер, Қазақстанның Халық әртісі, Жамбыл облыстық драма театрының негізін қалаушылардың бірі Шәріпбай СӘКИЕВ дүниеге келді.

102 жыл бұрын (1914-1979) Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, актер Жүсіпбек ТҰРСЫНОВ дүниеге келді.

92 жыл бұрын (1924-1975) ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қартбай БЕРЖАНОВ дүниеге келді.

88 жыл бұрын (1928-1988) жазушы, филология ғылымдарының докторы Мырзабек ДҮЙСЕНОВ дүниеге келді.

78 жыл бұрын (1938) ақын Әдия СЕКСЕНБАЕВА дүниеге келді. 

74 жыл бұрын (1942) қазақтың белгілі жазушысы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат ИСАБЕКОВ дүниеге келді.

дулатисабеков

 

Хабарламаларға жазылу