Бүгін - Дүниежүзілік еріктілер күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Дүниежүзілік еріктілер күні

05.12.2016
Бүгін - Дүниежүзілік еріктілер күні

5 желтоқсан, дүйсенбі, 2016 жыл

Дүниежүзілік еріктілер (волонтерлер) күні

Экономикалық және әлеуметтік дамуға көмек көрсетуші еріктілердің халықаралық күні. Дүниежүзілік еріктілер (волонтерлер) күні. 1985 жылғы желтоқсанның 17-дегі БҰҰ Бас Ассамблеясы 40-шы сессиясының шешімі бойынша атап өтіледі.

рпьпрбьпробь
Ниндзя күні

Бұл бейресми мерекені 2003 жылы Ninja Burger пародиялық сайтының әкімшілігі, әрбір қалаған адам өзін ежелгі жапондық жауынгерлік өнер шебері - ниндзя ретінде таныстыратын күн деп ойлап тапқан.

ьроьбрб

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

80 жыл бұрын (1936) КСРО жаңа Конституциясы қабылданды.  Қазақ Автономиялық  Республикасы Одақтық Республика болып  қайта құрылды.

75 жыл бұрын (1941) Ақтөбеде 101-ші қазақ ұлттық атқыштар бригадасы құрылды. Бригада құрамына Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының тұрғындары кірді.

9 жыл бұрын (2007) Ақтөбеде 74-ші жеке теңіз атқыштар бригадасын еске алуға арналған мемориалдық тақта ашылды.

7 жыл бұрын (2009) белгілі жазушы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.

524 жыл бұрын (1492) Христофор Колумб Гаити аралдарына жетті.


ЕСІМДЕР

111 жыл бұрын (1905-1991) қоғам қайраткері Сабдық ШӘРІПОВ  дүниеге келді. 

103 жыл бұрын (1913-1978) жазушы Жекен ЖҰМАҚАНОВ  дүниеге келді.

ркеэ\х

102 жыл бұрын (1914-1978) ғалым, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанда өсімдік қорғау ғылымын ұйымдастырушы Жазкен Тайшықұлы ЖИЕМБАЕВ  дүниеге келді.

102 жыл бұрын (1914-1998) актер, режиссер, Қазақстан Республикасының Халық әртісі  Қуат ТӨЛЕКОВ  дүниеге келді.

98 жыл бұрын (1918-2006) әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері Ханғали Жұмашұлы СҮЙІНШӘЛИЕВ дүниеге келді.

88 жыл бұрын (1928-1995) ақын, әдебиет сыншысы  Әбіраш ЖӘМІШЕВ  дүниеге келген.

пткпукпу

73 жыл бұрын (1943) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Құрманғазы ҚАРАМАНҰЛЫ  дүниеге келді.

ошлгшлг

71 жыл бұрын (1945) физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Инженерлік Академиясының және Халықаралық Инженерлік Академиясының академигі  Қайрат Қамалұлы ҚАДЫРЖАНОВ  дүниеге келді.

70 жыл бұрын (1946) испандық опера әншісі Хосе КАРРЕРАС дүниеге келді.

юлд№лд№длж№

Хабарламаларға жазылу