80 жыл бұрын (1937-2014) жазушы Ғаббасов Энгельс Ғаббасұлы дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

80 жыл бұрын (1937-2014) жазушы Ғаббасов Энгельс Ғаббасұлы дүниеге келді

17.01.2017
80 жыл бұрын (1937-2014) жазушы Ғаббасов Энгельс Ғаббасұлы дүниеге келді

17 қаңтар, cейсенбі, 2017 жыл

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

57 жыл бұрын (1960) «Білім және еңбек» деген атпен ғылыми-танымдық журнал жарық көрді.

25 жыл бұрын (1992) «Zaman - Қазақстан» газетінің алғашқы саны жарық көрді.

 

ЕСІМДЕР

112 жыл бұрын (1905-1987) ғалым, малдәрігерлік ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері БОЕВ Сергей Николаевич дүниеге келді.

107 жыл бұрын  (1910-1974) экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі БУТИН Мәжікен Есенұлы дүниеге келді.

84 жыл бұрын (1933) ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ЖАНАЕВ Нұрхан дүниеге келді.

80 жыл бұрын (1937-2014) жазушы, оннан астам повесть пен әңгімелер жинағының авторы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі ҒАББАСОВ Энгельс Ғаббасұлы дүниеге келді.

76 жыл бұрын (1941-2004) ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор МЫРЗАБЕКОВ Сұлтан Шайымұлы дүниеге келді.

67 жыл бұрын (1950) «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының балетмейстері БӨРІБАЕВА Ғалия Ысмайылқызы дүниеге келді.

64 жыл бұрын (1953) Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы директорының орынбасары, суретші, өнертанушы НҰРАЗХАН Еркін Ибрагимұлы дүниеге келді.

84 жыл бұрын (1933-1987) француз әншісі және актрисасы ДАЛИДА (Иоланда Кристина Джильотти) дүниеге келді.

75 жыл бұрын (1942) даңқты американ боксшысы Мохаммед АЛИ (шын аты-жөні - Кассиус Клей) дүниеге келді.

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу