102 жыл бұрын (1914-1974) жазушы, аудармашы Әбен Сатыбалдиев дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

102 жыл бұрын (1914-1974) жазушы, аудармашы Әбен Сатыбалдиев дүниеге келді

29.12.2016
102 жыл бұрын (1914-1974) жазушы, аудармашы Әбен Сатыбалдиев дүниеге келді

31 желтоқсан, сенбі, 2016 жыл

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

147  жыл бұрын (1869) жаңа 1870 жылды қарсы алуға бірнеше сағат бұрын ағылшын сәулетшісі, инженер және әуесқой сәулетші Джон Вуд Измирден (Түркия) оңтүстікке қарай үйіндінің астынан жеті метр тереңдіктен аты аңызға айналған Артемида Эфесск храмын- көне дүниенің жеті кереметтерінің бірін тапты.  

73 жыл бұрын  (1943)  қалада Ертіс үстіндегі бірінші музыкалық балалар мекемесі - Құрманғазы атындағы Павлодар музыкалық мектебі ашылды.

22 жыл бұрын (1994) академик Зейнолла Қабдоловқа «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы берілді.

22 жыл бұрын (1994) әнші Мақпал Жүнісоваға «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілді.

12 жыл бұрын (2004) Алматыда Қазақстанның тарихы, мәдениеті және өнері туралы «World Discovery Kazakhstan» журналының бірінші саны жарық көрді. Жаңа журналда тарих, мәдениет, қазіргі Қазақстан қоғамы туралы түрлі тақырыптар қозғалады.

 

ЕСІМДЕР

103 жыл бұрын (1913-1988) тарих ғылымдарының докторы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері ҚАНАПИН Әмір Қанапияұлы дүниеге келді.

103 жыл бұрын (1913-1975) әдебиетші-ғалым ЖИРЕНШИН Әбусағит Мұсылманқұлұлы дүниеге келді.

102 жыл бұрын (1914-1974) жазушы, аудармашы, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты САТЫБАЛДИЕВ Әбен дүниеге келді.

92 жыл бұрын (1924-1991) ғалым, өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор БИСЕНОВА Ғафура Нұрғалиқызы дүниеге келді.

91 жыл бұрын (1925-1997) музыкатанушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері РСАЛДИН Жиенбек Жұманбайұлы дүниеге келді. 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу