117 жыл бұрын (1900-1964) қазақтың халық ақыны Сариев Әбдіғали Нұрымбетұлы дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

117 жыл бұрын (1900-1964) қазақтың халық ақыны Сариев Әбдіғали Нұрымбетұлы дүниеге келді

17.01.2017
117 жыл бұрын (1900-1964) қазақтың халық ақыны Сариев Әбдіғали Нұрымбетұлы дүниеге келді

18 қаңтар, сәрсенбі, 2017 жыл

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

48 жыл бұрын (1969) Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай қазақ драма театры Б.Майлинның  «Жалбыр» спектаклімен өз шымылдығын ашты.

39 жыл бұрын (1978) «Жұлдыз» журналы «Халықтар достығы» орденімен марапатталды.

25 жыл бұрын (1992) «Сөздің пірі - Сүйінбай» атты жаңа ғылыми-танымдық телефильм жарық көрді.

25 жыл бұрын (1992) Алматыдағы Кино үйінде Талғат Теменовтың «Қызғыш құс» атты көркем фильмінің премьерасы өтті.

11 жыл бұрын (2006) Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында тарихи-тағылымдық «Қазақтар» драмасының премьерасы болды.

 

ЕСІМДЕР

132 жыл бұрын (1885-1973) зоолог, анатом, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның ғылым мен техника саласына еңбегі сіңген ғылым қайраткері ДОМБРОВСКИЙ Бронислав Александрович дүниеге келді.

117 жыл бұрын (1900-1964) қазақтың халық ақыны САРИЕВ Әбдіғали Нұрымбетұлы дүниеге келді.

114 жыл бұрын (1903-1989) жазушы, қоғам қайраткері, Қарағанды қаласының құрметті азаматы ӘМІРОВ Құсайынбек дүниеге келді.

70 жыл бұрын (1947) жапон актері және кинорежиссері Такеши КИТАНО дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу