Бүгін - Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Алмахан Кенжебекованың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Алмахан Кенжебекованың туған күні

16.01.2017
Бүгін - Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Алмахан Кенжебекованың туған күні

9 жыл бұрын (2008) Алматыдағы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы ғимаратының алдында ғұлама ғалым, академик Әлкей Марғұлан ескерткішінің ашылу салтанаты болды.

7 жыл бұрын (2010) Белгілі айтыскер ақын, марқұм Оразалы Досбосынов туралы «Айтыстың көркемдік әлемі (О.Досбосынов шығармалары негізінде)» атты зерттеу кітап жарық көрді.

Аталған зерттеу еңбек қазіргі кезеңде кемеліне келген әдеби тіліміздің ілгері басып, дамуына ақындық үлесін қосқан О.Досбосыновтың шығармашылығына арналған. Кітапта Оразалының айтыстарындағы троптың түрлері мен көркемдік тәсілдердің ерекшеліктері арнайы қарастырылып, бұрынғы ақындар Біржан мен Сара, ұлы Абай өлеңдері, түркі жазба ескерткіштерінің көркемдік сипаттарымен салыстырылып қарастырылған.

Кітап «Кие» лингвоелтану инновациялық орталығының баспасында 1000 дана таралыммен жарыққа шыққан. Авторы - Әйгерім Әлімжанова.

5 жыл бұрын (2012) Қазақстанда Қазақстанның Интернет-Қауымдастығының бастамасымен «Намыс дода» кәсіби сыйлығы бекітілді. Бұл ғаламтор желісінің қазақстандық сегменттегі үздік сайттарды, шараларды және тұлғаларды анықтауға арналған конкурс.

117 жыл бұрын (1900-1989) альпинизм және туризмнен спорт шебері, ГТО белгісінің Қазақстандағы алғашқы иегері Виктор Матвеевич ЗИМИН  дүниеге келді.

67 жыл бұрын (1950) актриса, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі  Алмахан Нұрпейісқызы КЕНЖЕБЕКОВА дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу