25 қаңтарға арналған күнтізбе - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

25 қаңтарға арналған күнтізбе

25.01.2017
25 қаңтарға арналған күнтізбе

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

73 жыл бұрын (1944) Орталық біріккен киностудия және «Мосфильм» мен «Ленфильм» киностудияларын тарату мен қайта көшіруден кейін, Алмааты киностудиясы Алматы көркемөнер және хроникалы фильм киностудиясы болып өзгертілді.

51 жыл бұрын (1966) Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы ашылды. Филармонияның құрамына «Орал сазы» фольклорлық ансамблі, «Назерке» халық биі ансамблі, жастар ансамблі және басқа да ансамбльдер кіреді.

ЕСІМДЕР

69 жыл бұрын (1948) техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Инженерлік академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі ЫСҚАҚОВ Тұрлыбек Өтешұлы дүниеге келді.

60 жыл бұрын (1957) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғарғы қолбасшылық өкілі, генерал-майор ДҮЙСЕКЕЕВ Мұқан Естайұлы дүниеге келді.

32 жыл бұрын (1985) Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театрының жетекші солисі ТАБЫЛДЫ Досжан Бақытжанұлы дүниеге келді. 

185  жыл бұрын (1832-1898) орыстың атақты пейзаж суретшісі  ШИШКИН Иван Иванович дүниеге келді.

79 жыл бұрын (1938-1980) кеңестік ақын, композитор және орындаушы, 1970-жылдардағы кезеңнің символы ВЫСОЦКИЙ Владимир Семёнович дүниеге келді.

71 жыл бұрын (1946) кеңес және орыс эстрада әншісі және композиторы, Ресей халық әртісі ДОБРЫНИН Вячеслав Григорьевич (шын тегі - Петросян) дүниеге келді.

258 жыл бұрын (1759-1796) шотланд ақыны БЕРНС Роберт дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу