Бүгін Өзбекәлі Жәнібековтің туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Өзбекәлі Жәнібековтің туған күні

28.08.2016
Бүгін Өзбекәлі Жәнібековтің туған күні

28 тамыз, жексенбі, 2016 жыл

Шахтерлер күні

Кеңес одағы кезінде пайда болған кәсіби мереке.

2 жыл бұрын (2014) Конституция күні құрметіне Алматыда жиырма жастағы шеберлер «Алтын адам» көшірмесін әзірледі. Жоба жұмысы екі айға созылды.

15 жыл бұрын (2001) Елбасы Н.Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» кітабының тұсаукесері өткізілді.

18 жыл бұрын (1998) Қазақстанда түсіріліп жатқан 250 бөлімді «Тоғысқан тағдырлар» телесериалы ТМД және Балтық жағалауы елдері арасында өткен фестивальде жүлделі бірінші орынды иеленді.

20 жыл бұрын (1996) Венгрияда Қазақ мәдениетінің күндері өтті.

52 жыл бұрын (1964) АҚШ Невадада ядролық қару сынағын өткізді.

 

ЕСІМДЕР
 

66 жыл бұрын (1950) футболшы, Қазақстан Футбол федерациясының вице-президенті Сейділда Икрамұлы БАЙШАҚОВ  дүниеге келді.

85 жыл бұрын (1931-1998) қазақ өнерінің жанашыры, тарих ғылымдарының кандидаты, көрнекті мемлекет қайраткері Өзбекәлі ЖӘНІБЕКОВ  дүниеге келді.

95 жыл бұрын (1921-2008) ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, II Дүниежүзілік соғыс ардагері  Нысанбек ТӨРЕҚҰЛ  дүниеге келді.

96 жыл бұрын (1920-1985) қоғам және мемлекет қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, II Дүниежүзілік соғыс ардагері Екейбай ҚАШАҒАНОВ  дүниеге келді. 

108 жыл бұрын (1908-1976) жазушы Залман ТАНХИМОВИЧ  дүниеге келді. 

112 жыл бұрын (1904-1977) атақты әнші, Қазақ КСР-нің Халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жүсіпбек ЕЛЕБЕКОВ  дүниеге келді.

122 жыл бұрын (1894-1981) австриялық дирижер, классицизм және романтазим кезеңіндегі неміс және австрия музыкасын шебер орындаушы Карл БЕМ  дүниеге келді. 

127 жыл бұрын (1889-1941) Алаш қозғалысының қайраткері Садық Аюкеұлы АМАНЖОЛОВ  дүниеге келді.

267 жыл бұрын (1749 - 1832) неміс ақыны ГЕТЕ Иоганн Вольфганг  дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу