27 ақпан - Халықаралық ақ аю күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

27 ақпан - Халықаралық ақ аю күні

27.02.2017
27 ақпан - Халықаралық ақ аю күні

27 ақпан, дүйсенбі, 2017 жыл

Халықаралық ақ аю күні

Аталмыш табиғат мерекесі туралы бастаманы  ақ аюларды қорғаумен айналысатын халықаралық Polar Bears International (PBI) ұйымы көтерген болатын. Бұл мерекенің мақсаты - ақ аюлар туралы ақпаратты бұқараға кеңінен насихаттап, оларды қорғауға қоғамның назарын аудару болып табылады. Әсіресе, бұл мереке ақ аюлар мекендейтін Ресей, Норвегия, Гренландия, АҚШ және Канада елдері үшін маңызды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

15 жыл бұрын (2001) Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан облыстық ұлт аспаптар оркестрі өнер ұжымының тұсаукесер рәсімі өтті.

116 жыл бұрын  (1900) Мюнхенде «Бавария» футбол клубы құрылды.

84 жыл бұрын  (1932) Джеймс Чедвик нейтронды ашты.

74 жыл бұрын  (1942) Джеймс Хей күн сәулесінің радиосәулеленуін тіркеді.  

52 жыл бұрын  (1964) алғаш рет туристерге  арналған «Огюст Пикар» су асты кемесі суға жіберілді.

ЕСІМДЕР

69 жыл бұрын  (1947) медицина ғылымдарының докторы, академик, «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ директоры БАЙГЕНЖИН Абай Қабатайұлы дүниеге келді.

65 жыл бұрын (1951) Шымкент әлеуметтік - педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор ҚОЗЫБАҚОВ Момбек Жамалбекұлы дүниеге келді.

143 жыл бұрын (1873-1921) көрнекті итальян теноры  КАРУЗО Энрико дүниеге келді.

117 жыл бұрын (1899-1978) таза инсулинді ойлап тапқан канадалық физиолог БЕСТ Чарльз  дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу