68 жыл бұрын (1948) Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Кеңес Жұмабеков дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

68 жыл бұрын (1948) Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Кеңес Жұмабеков дүниеге келді

29.11.2016
68 жыл бұрын (1948) Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Кеңес Жұмабеков дүниеге келді

29 қараша, сейсенбі, 2016 жыл

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

22 жыл бұрын (1994) Алматыда Қазақстандағы үнді әдебиетінің күндері басталды.

21 жыл бұрын (1995) Алматы сауда-қаржы банкі құрылды.

12 жыл бұрын (2004) Жамбыл облысында байытылған белокты азықтық өнім өндіретін зауыт ашылды.

9 жыл бұрын (2007) Атырауда Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Зейнолла Қабдоловтың мұражайы ашылды.

 

ЕСІМДЕР

107 жыл бұрын (1909-1985) ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты ҒАЛИАҚБЕРОВ Нажиб Закирұлы дүниеге келген.

107 жыл бұрын (1909-1986) ғалым, хирург-ортопед, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек сіңірген дәрігері ОРАЗАҚОВ Естөре Оразақұлы дүниеге келген.

68 жыл бұрын (1948) актер, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, «Жігер» шығармашылық жастар фестивалі сыйлығының, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, Абайдың 150 жылдығына арналған республикалық байқаудың арнайы жүлдесінің иегері ЖҰМАБЕКОВ Кеңес Нарымбайұлы дүниеге келді.

17 жыл бұрын (1849-1945) ағылшын ғалымы-электротехник, алғашқы электр лампасын ойлап шығарған өнертапқыш Джон Амброз ФЛЕМИНГ дүниеге келді.

111 жыл бұрын (1905-1995) орыс жазушысы ТРОЕПОЛЬСКИЙ Гавриил Николаевич  дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу