22 жыл бұрын Лондонда Абай үйі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

22 жыл бұрын Лондонда Абай үйі ашылды

23.02.2017
22 жыл бұрын  Лондонда Абай үйі ашылды

22 жыл бұрын (1995) Лондонда Абай үйі ашылды.

17 жыл бұрын (2000) Маңғыстаудағы Доға мұнай кен орнын іске қосудың тұсаукесер рәсімі өтті.

10 жыл бұрын (2007) Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданы құрылды. Бұл шешім Маңғыстау облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында қабылданды. Жаңадан құрылған аудан аймақтың бесінші әкімшілік-территориялық ауданы.

96 жыл бұрын (1921-1995) әскери қайраткер, генерал-майор БАЙТАСОВ Баһадүрбек дүниеге келді.

87 жыл бұрын (1930) ардагер ұстаз, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Журналистер одағының бірнеше дүркін лауреаты ЫДЫРЫСОВ Әбілфайыз Ыдырысұлы дүниеге келді.

79 жыл бұрын (1938-1985) ақын-аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Гете мұрасын зерттеу жөніндегі халықаралық қоғамның мүшесі ҚҰРМАНОВ Медеубай Шаяхметұлы дүниеге келді.

74 жыл бұрын (1943) химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Жоғары мектеп ғылым академиясының, Инженерлік академияның, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның академигі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері ҚҰЛАЖАНОВ Құралбек Сәдібайұлы дүниеге келді.

64 жыл бұрын (1953) ақын, аудармашы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының, Кинематографистер одағының мүшесі ҚАЙЫРБЕКОВ Бақыт Ғафуұлы дүниеге келді.

62 жыл бұрын (1955) «Қазанат» журналының шеф-редакторы, ҚР Ұлттық спорт түрлері федерациясының вице-президенті Түгел СӘДІБЕК дүниеге келді.

61 жыл бұрын (1956) скрипкашы, Қазақстанның Халық әртісі, профессор, Қазақстан жастар сыйлығының, Парижде өткен Халықаралық камералық ансамбльдер байқауының лауреаты, «Қазақстан камератасы» мемлекеттік оркестрінің көркемдік жетекшісі МЫРЗАБЕКОВА Гаухар Кұрманбекқызы дүниеге келді.
 

Хабарламаларға жазылу