Бүгін - актриса, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлжамал Қазақбаеваның туған күні   - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - актриса, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлжамал Қазақбаеваның туған күні  

07.02.2017
Бүгін - актриса, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлжамал Қазақбаеваның туған күні  

53 жыл бұрын (1964) Қазақ академиялық драма театрының саханасында Шыңғыс Айтматовтың «Ана - Жер-Ана» спектаклінің премьерасы өтті.

40 жыл бұрын (1977) «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-24» ғарыш кемесі ұшырылды.

26 жыл бұрын (1991) Қазақстанда әйелдерге арналған «Ақ босаға» атты тұңғыш газет жарық көрді.

25 жыл бұрын (1992) Алматыдағы №139 қазақ орта мектебіне мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың есімі берілді.

11 жыл бұрын (2006) Павлодарлық суретші Ғалым Қаржасовтың шығармашылығына арналған монография жарыққа шықты. Кітапта Қазақстандағы белгілі суретшінің шығармашылығы көрсетілген.

Суретшінің еңбектері Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік мұражайдың қорында, Павлодар, Қарағанды, Семей қалаларының көркемсурет мұражайларында және Германия, Канада, Франция елдерінің жеке коллекцияларында сақтаулы. Монография облыстық «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында шығарылған.

84 жыл бұрын (1933) физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ғылым академиясының академигі ЕРМАТОВ Сәдуақас Ерматұлы дүниеге келді.

69 жыл бұрын (1948) тарих ғылымының докторы, профессор, ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Құрметті білім беру қызметкері ТІЛЕУОВ Талғат Халилұлы дүниеге келді.

69 жыл бұрын (1948) суретші, Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері ТҮСІПОВА Зейнекүл Жақанқызы дүниеге келді.

68 жыл бұрын (1949) актриса, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері ҚАЗАҚБАЕВА Гүлжамал Мұқажанқызы дүниеге келді.

Алматы облысының Кербұлақ ауданында туған. Қазақ драма театры жанындағы театр студиясын, Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. Өнер жолын Шымкент облыстық қазақ драма театрынан бастады. 1978 жылдан Қазақ жастар мен балалар театрында актриса болды. Ол осы театр сахнасында Баян, Ақтоқты (Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»,  «Ақан сері - Ақтоқты»), Алуа, Құртқа, Қарагөз (М.Әуезов «Алуа», «Қара қыпшақ Қобыланды», «Қаралы сұлу»), Алма (Т.Ахтанов «Күшік күйеу»), Офелия, Елена (У.Шекспир «Гамлет», «Дуалы түнгі думан»), Балым, Түйметай (Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты», «Сталинге хат»), Кейуана (Иран-Ғайып «Қанына тартқан қыңырлар»), Салиха ана (О.Сүлейменов, Б.Мұқай «Замана қыры»), т.б. рөлдерді орындады.

Хабарламаларға жазылу