101 жыл бұрын (1916-1994) ақын Әмина Шалабаева дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

101 жыл бұрын (1916-1994) ақын Әмина Шалабаева дүниеге келді

10.01.2017
101 жыл бұрын (1916-1994) ақын Әмина Шалабаева дүниеге келді

10 қаңтар, сейсенбі, 2017 жыл

БҰҰ Бас Ассамблеясының бірінші сессиясы ашылған күн

1946 жылы 10 қаңтарда Лондонда ашылды. Оған 51 мемлекеттің өкілдері қатысты. Қазіргі кезде оның құрамына 193 мемлекет кіреді. 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

93 жыл бұрын (1924) «Тілші» газетінде І.Жансүгіровтің «Кеңседе жергілікті тілді жүргізу керек» деген мақаласы жарық көрді. Онда күні бүгінге дейін өзекті мәселе болып отырған қазақ тілінің тағдыры сөз болды.

83 жыл бұрын (1934) қазақ әдебиеті мен өнеріне арналған «Қазақ әдебиеті» апталық газеті шыға бастады. Алғашқы редакторы - Б.Майлин. Газет 1940-1954 жылдары тоқтап, 1955 жылдың қаңтарынан қайта шыға бастады. «Қазақ әдебиеті» ұлтымыздың рухани айнасы, еліміздің әдеби һәм мәдени өмірін жан-жақты қамтитын басылым.

11 жыл бұрын (2006) Жазушы-драматург, сыншы-журналист Қошке Кемеңгерұлының туғанына 110 жылдығы қарсаңында Алматыдағы «Алаш» баспасынан қаламгердің шығармалар жинағының алғашқы томы жарық көрді.

 

ЕСІМДЕР

101 жыл бұрын (1916-1994) ақын ШАЛАБАЕВА Әмина дүниеге келді.

99 жыл бұрын (1918-1979) пианист, концертмейстер, Қазақстанның Халық әртісі КОГАН Симха Бенционович дүниеге келді.

89 жыл бұрын (1928-2010) дирижер, Қазақстанның, Ресейдің және Татарстанның халық әртісі, Татарстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты МАНСҰРОВ Фуат Шәкірұлы дүниеге келді.

88 жыл бұрын (1929-1999) ақын БАЯЗИТОВ Байғожа дүниеге келді.

81 жыл бұрын (1936) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері БАЛАБИЕВ Рақым Базаргелдіұлы дүниеге келді.

78 жыл бұрын (1939) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ҚҰМАРБЕКОВ Мүсілім дүниеге келді.

78 жыл бұрын (1939) техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының академигі, Халықаралық инженерлік академияның корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы» ғылыми орталығының директоры  МОЛДАБЕКОВ Шаяхмет дүниеге келді.

69 жыл бұрын (1948-2002) суретші, мүсінші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, 2001 жылдың үздік суретшісі ТҰРСЫНОВ Амангелді дүниеге келді.

58 жыл бұрын (1959) жаттықтырушы, бокстан спорт шебері, республиканың үш дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ЕДІЛОВ Тұрсынғали Нұржақыпұлы дүниеге келді.

58 жыл бұрын (1959-2002) ақын АСҚАРОВ Ерік дүниеге келді.

134 жыл бұрын (1883-1945) орыс кеңес жазушысы, граф, КСРО ҒА академигі ТОЛСТОЙ Алексей Николаевич дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу