31-ші қазан - Үнемдеудің халықаралық күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

31-ші қазан - Үнемдеудің халықаралық күні

31.10.2016
31-ші қазан - Үнемдеудің халықаралық күні

Үнемдеудің халықаралық күні. 1988 жылы 27-ші қазанда 29 елдің жинақ кассаларының өкілдері Миланда  І Халықаралық арнайы Конгреске жиналды. Конгресс жұмысының соңғы күні - қазанның 31-інде «барлық елдердегі жинақ банктік институттардың бірінші құрылтайын есте қалдыру» идеясы өмірге келіп, бұл күнді «Халықаралық үнем күні» (International Saving Day) ретінде жыл сайын атап өтуге шешім қабылданды. Құрылтайшылар бұл күні тек ақша үнемдеп қана қоймай, үнемді кең мағынасында: уақыт үнемдеуге, заттарға ұқыпты қарау, т.б. мәселелерге қолдануға арнау қажет деп санайды. 1989 жылы БҰҰ нұсқау қабылдап, онда 31-ші қазанды Халықаралық үнем күні деп бекітті.

Қара теңіздің халықаралық күні. 1996 жылы Қара теңіз жанындағы алты ел - Болгария, Румыния, Түркия, Грузия, Ресей және Украина Қара теңізді қорғауға және сауықтыруға арналған стратегиялық әрекет жоспарына қолдарын қойды. Бұл жоспар теңіз жағдайы жан-жақты зерттеліп, соңғы үш он жылдықпен салыстырғанда теңіз ортасының өмір сүру маңыздылығы төмендегені анықталған соң жасалып шығарды.

сурдо

Сурдоаудармашылар күні

2003 жылы Бүкілресейлік  саңыраулар  қоғамының  бастамасы бойынша белгіленді. Оның негізгі мақсаты - жұртшылықтың назарын саңырау адамдарға аудару.

145 жыл бұрын (1871) Біржан мен Сара арасындағы айтыс өтті.

11 жыл бұрын (2005) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ҚР Үкіметі жанында Ғарыш жөніндегі кеңес құрылды.

ғарыш

11 жыл бұрын (2005) Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауылында жаңа мешіт ашылды.

5 жыл бұрын (2011) Қазақ әдебиетінің белгілі классигі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Әкім Тарази, жазушы Асқар Алтай, драматург, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Роза Мұқанова әлем әдебиетін дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін Франц Кафка медалін иеленді.

68 жыл бұрын (1948) кескіндемеші, мүсінші, декоративтік-қолданбалы өнер суретшісі Мұрат ҚАЛҚАБАЕВ дүниеге келді.

59 жыл бұрын (1957) Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері Сәкен РАҚЫШЕВ дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу