4 қазан - Халықаралық жануарлар күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

4 қазан - Халықаралық жануарлар күні

04.10.2016
4 қазан - Халықаралық жануарлар күні

Адамзат үшін ғарышты игеру дәуірінің басталған күні. 4-10 қазан - Дүниежүзілік ғарыш апталығы.

1957 жылғы қазанның 4-інде Байқоңыр ғарыш айлағынан ғаламшар тарихында алғаш рет жердің жасанды серігі ұшырылды. 1967 жылдың қыркүйек айында Халықаралық астронавтика федерациясы бұл күнді мереке деп жариялады.

Халықаралық жануарлар күні

1931 жылы Флоренцияда өткен Табиғатты қорғаушылар қозғалысын жақтаушылардың халықаралық конгресі шешімімен католик мерекесі - Әулие Франциска күні атап өтіледі.

ъъ

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

 

11 жыл бұрын (2005) Ақмола облысының Бұланды ауданындағы еліміздің біртуар ұлы, атақты балуан, әнші, композитор, ақын Балуан Шолаққа (Нұрмағамбет Баймырзаұлы) мемориалдық ескерткіш ашылды.

20 жыл бұрын (1996) қазақ халқының XVIII-XIX ғасырдағы атақты шешені Бөлтірік Әлменұлының туғанына 225 жыл толуы аталып өтті.

ъ

25 жыл бұрын (1991) Гурьев қалалық Халық депутаттары кеңесі облыс орталығының атауын Атырау қаласы деп өзгерту туралы шешім қабылдады.

85 жыл бұрын (1931) Қарағанды облысының «Қарағанды пролетариаты» атты газеті шыға бастады (қазіргі «Орталық Қазақстан»).

341 жыл бұрын (1675) голланд физигі Х.Гюйгенс қалта сағатына патент алды.

дж

 

ЕСІМДЕР

 

65 жыл бұрын (1951) ақын, аудармашы, кинодраматург, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының және С.Сәдуақасов атындағы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының, Махамбет атындағы, «Алаш», тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, «Алтын лираның үміткері» атты Дүниежүзілік ақындар байқауының лауреаты, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Бақытжан ҚАНАПИЯНОВ  дүниеге келді.

73 жыл бұрын (1943-2011) дирижер, композитор, музыкатанушы, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Тимур Кәрімұлы МЫҢБАЕВ  дүниеге келді.

80 жыл бұрын (1936-2005) физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның академигі, ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Өмірзақ Махмұтұлы СҰЛТАНҒАЗИН  дүниеге келді.

96 жыл бұрын (1920-1964) математик, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Әбдеш Құрамайұлы БЕДЕЛБАЕВ  дүниеге келді.

96 жыл бұрын (1920-1997) қоғам қайраткері Құсайын БИЖАНОВ  дүниеге келді. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында туған. Түрген педагогикалық училищесін, Алматы жоғары партия мектебін бітірген.

96 жыл бұрын (1920-1985) психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Мәжит Мұқанұлы МҰҚАНОВ  дүниеге келді.

112 жыл бұрын (1904-1987) ғалым, аудармашы, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсенбай КЕНЖЕБАЕВ  дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу