1 қазан - Халықаралық қарттар күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 қазан - Халықаралық қарттар күні

01.10.2016
1 қазан - Халықаралық қарттар күні

Халықаралық қарттар күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылғы 15-ші желтоқсандағы № 45/106 қарары негізінде жыл сайын аталып өтеді. Қазақстан Республикасының Конституциясында қарт адамдардың жалпы азаматтық және арнайы құқықтары мен мүдделері, оның ішінде жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру кепілдіктері бекітілген.

қарттар күні

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуіне сәйкес, қарт адамдарға 60-74 жас, кәрілерге 75-89 жас аралығындағылар, ал, ұзақ жасаушыларға жасы 90-нан асқандар кіреді.

Халықаралық музыка күні. ЮНЕСКО-ның Халықаралық музыка кеңесінің шешімімен жыл сайын 1-ші қазанда аталып өтеді.

музыка

298 жыл бұрын (1718) Семей қаласының іргетасы қаланды. Семей - республикамыздың мәдени, тарихи орталықтарының бірі.

94 жыл бұрын (1922) Көкшетау-Бурабай теміржол учаскесі пайдалануға берілді.

84 жыл бұрын (1932) Орал қаласында қазіргі М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті педагогикалық институт ретінде құрылды.

45 жыл бұрын (1971) Павлодар есеп-экономика техникумы құрылды.

20 жыл бұрын (1996) Алматыда алғаш рет «Айналайын» халықаралық балалар шығармашылығы фестивалі өтті. Ұйымдастырушысы - «Бөбек» балалар қоры.

18 жыл бұрын (1998) Астанада алғаш рет жас таланттардың «Шабыт» республикалық фестивалі өтті.

7 жыл бұрын (2009) Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институты білім және ғылым мекемелерінің «Сібір ашық университеті» қауымдастығына қабылданды.

85 жыл бұрын (1931) С.Орджоникидзе атындағы Харьков трактор зауытында алғашқы трактор жасалды.

52 жыл бұрын (1964) Жапонияда әлемдегі ең алғашқы жоғары жылдамдықпен жүруге болатын көлік магистралі - Токайдо-синкансэн пайдалануға берілді. Бұл магистраль жылдамдықты сағатына 210 шақырымға дейін өсіруге мүмкіндік берді.

35 жыл бұрын (1981) Швецияда Еуропа бойынша алғаш рет ұялы байланыс желісі жұмыс істей бастады.

сот

 

Есімдер

138 жыл бұрын (1878-1956) педагог, жазушы, аудармашы Спандияр КӨБЕЕВ дүниеге келді.

СК

107 жыл бұрын (1909-1988) қоғам қайраткері, ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым кайраткері Сақтаған БӘЙІШЕВ  дүниеге келді.

98 жыл бұрын (1918-1977) қазақстандық ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының батыры Сергей ЛУГАНСКИЙ дүниеге келді.

95 жыл бұрын (1921-1943) Кеңес Одағының Батыры Георгий ИГИШЕВ дүниеге келді.

86 жыл бұрын (1930-1995) жазушы Көкей САҚАБАЙҰЛЫ дүниеге келді.

78 жыл бұрын (1938-1999) техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Болат БЕЙСЕМБАЕВ дүниеге келді.

69 жыл бұрын (1946-2003) ҚР Денсаулық ісінің үздігі Нұрлепес ҚҰРМАНОВ дүниеге келді.

52 жыл бұрын (1964) ғалым, медицина ғылымдарының докторы, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі Дамир ДӘУЛЕТБАЕВ дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу