28 қазан – Халықаралық анимация күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

28 қазан – Халықаралық анимация күні

28.10.2016
28 қазан – Халықаралық анимация күні

28 қазан, жұма, 2016  жыл

Халықаралық анимация күні

1892 жылғы қазанның 28-інде Парижде Эмиль Рейно сиқыршысы көрермендерді осы күнге дейін ешкім көрмеген «оптикалық театр» атты көрінісіне шақырды. Онда талантты өнертапқыш алғашқы рет өзінің праксиноскоп аппаратына көпшіліктің назарын аударды, ол қозғалатын картинкаларды көрсетеді. Сонымен осы атаулы күнді анимация киносы дәуірінің басталуы деп санайды. Халықаралық анимация күні Анимация киносының халықаралық одағында (ASIFA - The International Animated Film Association) 2003 жылы бекітілген және қазір дүниежүзінде аталып өтеді.

прь
 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

63 жыл бұрын (1953) Іле Алатауында алғаш рет өзен су электрстанциясы пайдалануға берілді. Оны іске қосқаннан кейін Алматы сарқырамасының қуаты екі есеге өсті. 

63 жыл бұрын (1953) Брюссельде Дүниежүзілік жарнама берушілер федерациясы құрылды.

38 жыл бұрын (1977) Көкшетау қаласында Л.Славиннің «Интервенция» қойылымымен Көкшетау облыстық орыс драма театры (2000 жылдан бастап Ақмола облыстық орыс драма театры) ашылды. 

24 жыл бұрын (1992) ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ішкі әскері құрылды.

 роб

23 жыл бұрын (1992) Қазақстанда тұратын немістердің алғашқы съезі өтті. 

18 жыл бұрын (1998) скрипкашы Айман Мұсақожаеваға ЮНЕСКО-ның шешімімен «Әлем әртісі» жоғары атағы берілді.

11 жыл бұрын (2005) Ақтау қаласындағы Жеңіс саябағына Ауғанстанда опат болған жауынгерлерге арналған ескерткіш ашылды.

11 жыл бұрын (2005) ҚР Мемлекеттік орталық мұражайында «Қыз Жібек» эпосына - 500 жыл» атты көрме ашылды.

11 жыл бұрын (2005) Жазушылар үйінің мәжіліс залында Қытай мен Моңғолиядан келген қандастарымыздың бастамасымен жарыққа шыққан «Үн» атты әдеби журналдың таныстырылымы болды.

10 жыл бұрын (2006) Талдықорғанда Үш бәйтерек монументі ашылды. Бұл - қазақ халқының тарихи тұлғалары - Ескелді би, Балпық би және Қабылиса жырауларға арналған ескерткіш. Авторы - Жеңіс Молдабаев.

тпа

380 жыл бұрын (1636) АҚШ жетекші ЖОО-ларының бірі - Гарвард университетінің негізі қаланды. Гарвард университеті АҚШ-тың ежелгі жеке жоғарғы оқу орын болып табылады.

олю

116 жыл бұрын (1900) Парижде бес айға созылған ІІ Олимпиадалық ойындар аяқталды.

 

ЕСІМДЕР

123 жыл бұрын (1893-1920) ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт  ТОРАЙҒЫРОВ дүниеге келді. 

д\

117 жыл бұрын (1899-1966) қазақтың тұңғыш анатом ғалымы, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Хазихан Наушаұлы  БӨКЕЙХАНОВ  дүниеге келді.

82 жыл бұрын (1934-2015) жазушы, аудармашы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Герольд  БЕЛЬГЕР  дүниеге келді.

лю

59 жыл бұрын (1957) кеңестік және қазақ эстрада әншісі (сопрано), педагог, профессор, Қазақ КСР Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қырғызстан мен Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі Роза Қуанышқызы РЫМБАЕВА  дүниеге келді. 

лрюжл

56 жыл бұрын (1960) кинорежиссер, сценарист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Кинематографистер одағының, «НИКА» киноакадемиясының мүшесі Серік Секенұлы   АПЫРЫМОВ  дүниеге келді.

роьб

198 жыл бұрын (1818-1883) орыс жазушысы, Петербор ғылым академиясының корреспондент мүшесі Иван Сергеевич  ТУРГЕНЕВ  дүниеге келді.

61 жыл бұрын (1955) американдық кәсіпкер, Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл ГЕЙТС (Уильям Генри Гейтс III) дүниеге келді.

олб

49 жыл бұрын (1967) голливуд актрисасы, «Оскар» сыйлығының иегері Джулия РОБЕРТС (Джули Фиона Робертс) дүниеге келді.

олю

Хабарламаларға жазылу