11 қазан – Халықаралық қыздар күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

11 қазан – Халықаралық қыздар күні

11.10.2016
11 қазан – Халықаралық қыздар күні

11 қазан, сейсенбі, 2016 жыл

Халықаралық қыздар күні

2012 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен. Бұл күнді мерекелеудің мақсаты - бүкіл әлемдегі қыздардың теңсіздік және әлеуметтік мәселелеріне назар аударту. Олардың ішінде білім алу, толыққанды тамақтану, медициналық қызмет алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан қорғау, бала кезінен мәжбүрлеп некеге тұрғызудан қорғау жатады.  

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

55 жыл бұрын (1961) Семей полигонында алғаш рет жерасты ядролық жарылысы жасалды (КСРО-ның жер үстіндегі ядролық жарылысы да осы Семей жерінде 1949 жылы тамыздың 29-да жасалған болатын).

43 жыл бұрын (1973) Алматы адвокаттар алқасы құрылды.

22 жыл бұрын (1994) «Қазақтелеком» ААҚ компаниясы құрылды.

иь орь

20 жыл бұрын (1996) Ресейдің Астрахан облысы Володар ауданында ұлы күйші Құрманғазыны еске алу күндері өтті.

19 жыл бұрын (1997) Қазақстанда «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы қабылданды.

брб

19 жыл бұрын (1997) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясы құрылды.

16 жыл бұрын (2000) «Түркістан» халықаралық энциклопедиясы жарық көрді. Бас редакторы - Әбдімәлік Нысанбаев.

135 жыл бұрын (1881) американдық Дэвид Хьюстон фотоаппараттың фотопленкасына патент алды.

раоб

 

ЕСІМДЕР

 

82 жыл бұрын (1934) ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ғылым мен техникасына еңбек сіңірген қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Аманжол Қошанұлы ҚОШАНОВ  дүниеге келді.

78 жыл бұрын (1938-2003) философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Сәбетқазы Нұржақияұлы АҚАТАЙ  дүниеге келді.

43 жыл бұрын (1973) «Астана» телеарнасының бас директоры  Ләззат Мұратқызы ТАНЫСБАЙ дүниеге келді.

ьоь

Хабарламаларға жазылу