28 желтоқсан - Халықаралық кино күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

28 желтоқсан - Халықаралық кино күні

28.12.2016
28 желтоқсан - Халықаралық кино күні

28 желтоқсан, сәрсенбі, 2016 жыл

Бүгін – Халықаралық кино күні

119 жыл бұрын (1895) Париждегі Капуцин гүлзарындағы «Үлкен кафеде» ағайынды Люмьерлер ойлап тапқан кинематографтың көмегімен алғаш рет «Жылжымалы фото» көрсетілді.

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

44 жыл бұрын (1972) «Медеу» мұз айдыны пайдалануға берілді. Медеу  -  теңіз деңгейінен 1,691 метр биікте орналасқан мұз айдыны, ол әлемдегі ең атақты мұз айдындарының  бірі. «Медеу»  айдыны  10500 шаршы метр жерді алып жатыр және 10500 көрерменді сыйғызады. Әлемдегі 120-дан аса үздік спорттық рекорд осы мұз айдынында орнатылған.

16 жыл бұрын (2000) қазақ жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовке Мәскеудегі Халықаралық жазушылар қауымдастығының Әдеби қоры «Дарынының арлылығы мен абыройлығы үшін» сыйлығын табыс етті.


ЕСІМДЕР

118 жыл бұрын (1898-1948) мемлекет және қоғам қайраткері, публицист ОРАЗБАЕВА Алма Дінмұхамедқызы дүниеге келді.

104 жыл бұрын (1912-1975) соғысқа қатысушы, Орталық майданның 73-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 231-ші гвардиялық атқыштар полкінің автоматшысы, Кеңес одағының батыры АЙТҚҰЛОВ Сәлім Нығметұлы дүниеге келді.

48 жыл бұрын (1968) қазақстандық хоккейші, Қысқы олимпидалық ойындар мен әлем чемпионаттарының қатысушысы  КОРЕШКОВ Александр Геннадьевич дүниеге келді.

113 жыл бұрын (1903-1957) алғашқы ЭЕМ-ді жасауға елеулі үлес қосқан американдық математик және физик Джон фон НЕЙМАН (туылғандағы аты-жөні - Янош Лайош Нейман) дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу