22 қазан - Халықаралық мектеп кітапханалары күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

22 қазан - Халықаралық мектеп кітапханалары күні

22.10.2016
22 қазан - Халықаралық мектеп кітапханалары күні

Дағыстанда ақ тырналар мерекесі
Дағыстанның халық ақыны Расул Ғамзатовтың бастамасымен, поэзия мерекесі ретінде соғыс даласында мерт болған барлық жауынгерлердің рухын ардақтау мақсатында жиырма жылдан астам уақыт атап өтілуде.  

Халықаралық мектеп кітапханалары күні
ЮНЕСКО бастамасымен 1999 жылдан бастап атап өтіліп келеді. Алғаш рет оны Халықаралық мектеп кітапханалары қауымдастығының президенті Бланш Вуллз жариялады. 2005 жылы мерекенің ресми мәртебесін осы ұйымның жаңа президенті Питер Дженко растады.

Халықаралық кекеш адамдар күні
Халықаралық кекеш адамдар қауымдастығын қолдау кезінде 1995 жылы белгіленді.

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

238 жыл бұрын (1778) Ресей патшасы қазақ жеріне Абылайды хандыққа бекіткен куәлік хатымен қоса ханға арналған тәж, тон және әскери қылыш жіберді.

101 жыл бұрын (1915) Семейдің теміржол вокзалы ашылды. Семей вокзалының тарихы 1915 жылы қазанда осында Новониколаевтан алғашқы пойыз келген күннен басталады.

95 жыл бұрын (1921) Алматыда алғашқы конькишілер ұйымы құрылды.

78 жыл бұрын (1938) америкалық өнертапқыш Честер Карлсон құжаттардың көшірмесін жасайтын құрал ойлап тапты. Екі жылдан кейін өз жаңалығына патент алды. 1947 жылы бұл құралға қызығушылар да табылды. 50-ші жылдары алғашқы аппараттар саудаға түсті.

15 жыл бұрын (2001)  Павлодар қаласының орталығында Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы мешіт ашылды.

13  жыл бұрын (2003) Шымкентте жаңа Спорт сарайы ашылды.
 

ЕСІМДЕР
 

138 жыл бұрын (1878-1924) ақын Омар ШОРАЯҚҰЛЫ  дүниеге келді.

93 жыл бұрын (1923-1989) техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шавкат Шигабутдинович ИБРАГИМОВ  дүниеге келді.

92 жыл бұрын (1924) әйгілі қазақ жазушысы, публицист, қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әбдіжәміл Кәрімұлы НҰРПЕЙІСОВ  дүниеге келді.

91 жыл бұрын (1925-2006) қазақ экономисі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Шағатай Қашықұлы ҚАШЫҚОВ  дүниеге келді.

83  жыл бұрын (1933-2003) жазушы-драматург Амантай САТАЕВ  дүниеге келді.

73 жыл бұрын (1943) физика математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жеңіс Рахметұлы ЖОТАБАЕВ  дүниеге келді.

55 жыл бұрын (1961) қоғам қайраткері Ромин Ризаұлы МӘДИНОВ  дүниеге келді.

146 жыл бұрын (1870-1953) орыс жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Иван Алексеевич БУНИН  дүниеге келді.

214 жыл бұрын (1811-1886) венгр композиторы, пианиношы, дирижер, педагог, қоғам қайраткері Ференц ЛИСТ  дүниеге келді.

115 жыл бұрын (1901-1978) белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор, Түрік лингвистика қоғамының корреспондент мүшесі Эрванд Владимирович СЕВОРТЯН  дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу