Алматыда IV «Бастау» халықаралық кинофестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда IV «Бастау» халықаралық кинофестивалі өтеді

21.10.2014
Алматыда IV «Бастау» халықаралық кинофестивалі өтеді

Алматы қаласында 22-26 қазан аралығында студенттер киносына арналған IV «Бастау»  халықаралық кинофестивалі өтеді, деп жазады kinostan.kz. сайты.

Фестивальде 25 елден келген жас кинематографистер өздерінің түрлі жанрдағы қысқаметражды туындыларын ұсынып, конкурстық және конкурстан тыс көрсетілімдер мен әлемдік кино шеберлерінің ретроспективалары болады.

Сондай-ақ, фестиваль аясында Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында халықаралық деңгейдегі кино мамандарының шеберлік сабақтары өтеді.

Кинофестивальдің салтанатты ашылу рәсімі 22 қазанда, ал жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 26 қазан күні «Алатау» киноконцерт залында өтеді.

Сурет: kinostan.kz. 

Хабарламаларға жазылу