Оқуды тастап кеткен грант иегерлері ақшаны қайтара ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқуды тастап кеткен грант иегерлері ақшаны қайтара ма?

07.10.2016
Оқуды тастап кеткен грант иегерлері ақшаны қайтара ма?

Бүгінде ел бюджетінен мемлекеттік грантта оқитын студенттердің білімі үшін қыруар қаржы бөлінеді. Ал, тегін оқуға түскеннен кейін кейбір грант иегерлері студенттік өмірдің еркіндігін басқаша қабылдап, сабақты оқымай не өз еркімен ЖОО-ны тастап кетеді. Ондай жастар аз емес.

Республикалық бюджеттің ат­қарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршиннің ойынша, гранпен білім алып жүріп, оқудан шығып кеткен студенттерге мемлекет қара­жатын қайтаруды міндеттеу керек. («Тегін оқудың да сұрауы болады», «Е.Қ» 29.07.2016ж.). Алайда, Бі­лім және ғылым министрлігі ол бастаманы құптамайтын тәрізді. Уни­верситет оқытушылары болса, ондай механизмнің болғаны дұрыс деп санайды.

Білім саласының кемшіліктері қаралған Есеп комитетінің кезекті бір отырысында Қозы-Көрпеш Жаң­быршин: «Грантта оқыған жүздеген студентті сабақ үлгерімі үшін оқудан шығарды. Олар ішкі тәртіпті бұзды. Бұл дегеніміз, бұзақылық жасайды және тағысын тағы. Сосын өз еркімен оқуды тастап кеткендер бар. Міне, осы студенттерді оқыту үшін бюджеттен 1 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Біздіңше, «Болашақ» бағдарламасы сияқты бюджет қаражатын қайтарудың бел­гілі бір ережесін әзірлеу керек. Ондай механизм қажет. Ол жағынан ешкімде қарсылық жоқ деп ойлаймын. Студенттер оқуына қыруар қаржы жұм­салды. Меніңше, ондай адам­дарға жұмсалған бюджет қаражатын қайтарудың механизмі болуы керек», – деді.

«Егемен Қазақстан»

Хабарламаларға жазылу