Тараздық жас палуан Дәулет Пахлединов қазақ күресінен Қытайда өткен Әлем чемпионатында алтын иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараздық жас палуан Дәулет Пахлединов қазақ күресінен Қытайда өткен Әлем чемпионатында алтын иеленді

28.09.2016
Тараздық жас палуан Дәулет Пахлединов қазақ күресінен Қытайда өткен Әлем чемпионатында алтын иеленді

Қытайдың Үрімші қаласында қазақ күресінен өткен Әлем чемпионатында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Дәулет Пахлединов жеңіске жетіп, алтын медальді иеленді.

Бұл туралы аталған оқу орнының Ақпараттық-имидждік қызметі хабарлады.

Үш күнге созылған байрақты бәсекеге 28 елден 205 спортшы қатысты.  Алтыншы рет өткізіліп отырған Әлем чемпионатында бес салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық палуандар сәтті өнер көрсетіп, бес алтын, бір қолаға қол жеткізді.

Тараздық жас палуан финалда эстониялық қарсыласынан ұпай санымен басым түсіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Д.Пахлединов бұған дейін самбодан және қазақ күресінен Қазақстан чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері және ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанған болатын.

Хабарламаларға жазылу