Шығыс Қазақстан облысында қазақ күресінен ел чемпионаты өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында қазақ күресінен ел чемпионаты өтуде

09.06.2015
Шығыс Қазақстан облысында қазақ күресінен ел чемпионаты өтуде

Шығыс Қазақстандағы Аягөз қаласында қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтуде. Еліміздің барлық аймағынан 200-ден аса палуан қатысып, мықтыны анықтауда.

Топ жарғандар мен жүлдеге іліккендер биыл Қытайда өтетін Азия және Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.  

Тағы бір ерекшелігі, жарыста 5 шілде күні Астана қаласында өтетін «Қазақстан Барысы» турнирінің финалына жолдама алған 30 палуан күресуде. 

 

Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ 

Хабарламаларға жазылу