Ертең «Қазақстан Барысы-2015» турнирінің финалы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең «Қазақстан Барысы-2015» турнирінің финалы өтеді

03.07.2015
Ертең «Қазақстан Барысы-2015» турнирінің финалы өтеді

Ертең, яғни, 4-шілде күні қазақ күресінен еліміздегі ең ірі бәсеке «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді. Биылғы бозкілем бәсекесіне еліміздің барлық аймағынан іріктелген 33 палуан қатысады.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі алғаш рет 2011 жылы жалауын көтерген.

Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде ұйымдастырылған додаға еліміздің әр өңірінен 4 палуаннан, барлығы 64 спортшы қатысты.

Барлық қарсыластарынан басым түскен Қызылорда облысының палуаны Ұлан Рысқұлдың есімі турнир тарихында тұңғыш «Қазақстан Барысы» ретінде жазылды.

2012 жылғы турнир жүлдесін жамбылдық Бейбіт Ыстыбаев иеленді. 2013 жылы жеңімпаздың белдігі шығысқазақстандық Айбек Нұғымаровқа бұйырды. Турнирдің төртінші маусымында шығыс палуаны Мұхит Тұрсынов жеңімпаз атанды.

«Қазақстан Барысы» V республикалық турнирінің жүлде қоры - 225 000 АҚШ долларын құрайды.

 

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу