70 жастағы Бекбатыр қария көлік кептелісін болдырмайтын жаңа «метро» ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

70 жастағы Бекбатыр қария көлік кептелісін болдырмайтын жаңа «метро» ойлап тапты

21.09.2016
70 жастағы Бекбатыр қария көлік кептелісін болдырмайтын жаңа «метро» ойлап тапты

Қытайдан арнайы келген қандастарымыздың ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаған тартуы бар. Қолөнер шеберлерінің өнерін ертеңгі «Таңшолпаннан» көріңіз.

Несиесін өтей алмаған қарыз алушыларға қандай жеңілдіктер қарастырылған? Заңгер Марат Бәшімов коллекторлық қызмет аясы бойынша сұхбат береді.

Сондай-ақ, таңғы бағдарлама студиясында «ЭКСПО-2017» Қоғаммен байланыс департаментінің менеджері Виталий Яковлев қонақта.

експо

70 жастағы Бекбатыр қария көлік кептелісін болдырмайтын жаңа «метро» ойлап тапты. Бұдан кейін жаяу жүргіншілер жолы да керек болмай қалуы мүмкін. Өнертапқыштың тіпті, 1 подъезде 12 үйді біріктіретін жаңа жобасы да бар екен.

Әшекей-бұйымдарды бет-әлпетіңізге сәйкес таңдай аласыз ба? Дизайнер Айжан Сейілғазы аксессуарларды дұрыс таңдау жолдарын үйретеді.

Айлықты айдан-айға жеткізудің ең тиімді жолдары. «Таңшолпан» ұсынған кеңеске құлақ ассаңыз, күнделікті шығыныңыз 50 пайызға дейін азаяды.

Атты қалай баптайды? Тұлпарыңызды бәйгеге қосу үшін нені білген жөн? Атбегі маман пікіріне құлақ салыңыз.

Таңшолпан

Тұтынушы тауарды қандай жағдайда ауыстыра алады? Заңға сәйкес өз құқықтарыңызды білесіз бе? 

Ертең сағат 07:00 және 09:00 аралығында Ұлттық арна қосулы болсын!  

 

Хабарламаларға жазылу