Lada көліктері телефон арқылы басқарылатын болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Lada көліктері телефон арқылы басқарылатын болады

25.08.2015
  Lada көліктері телефон арқылы басқарылатын болады

«Авто Коннекс» пен АвтоВаз Lada Granta көлігін ұялы телефонмен басқару жүйесін ойлап тапты. «Мобильді басқару пульты» қозғалтқышты қашықтықтан қосып, немесе өшіріп тастай алады, сонымен қатар, ол автомобильдің орналасқан жерін анықтап, көліктегі отынның деңгейі мен көлік қозғалысының жылдамдығы туралы да мәлімет ала алады.

Басқару пульты аталғандармен қоса, қозғалтқыштың негізгі бөліктерін диагностикалап, көлік ұрлығына қарсы орнатылған тетіктің жұмысын тексеріп береді, деп хабарлайды Day.Az    

Аталмыш жүйені ойлап табушылардың пікірлерінше, бұл жүйе Lada көлігін автомобиль сатып алушылар үшін маңызды тетіктердің бірі болады.  
 

Хабарламаларға жазылу