Таразда 20 жастағы студент тыңайтқыш ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда 20 жастағы студент тыңайтқыш ойлап тапты

07.12.2023

Таразда 20 жастағы студент тауықтың қиынан таптырмас тыңайтқыш ойлап тапты. Жас химик Ұлжан Қанатбек Тараз өңірлік университетінің 4-ші курсында оқиды. Ол осыдан үш ай бұрын органикалық тыңайтқыш жасау технологиясын дамытуға ден қоя бастаған. Алдымен шикізатты 300 градустық муфельді пеште күйдіріп көреді. Оған өсімдіктерді отырғызу арқылы топырақтың физикалық қасиеттерін тексереді. Нәтижесінде тыңайтқышы топырақтың тығыздығын арттырып, бойына ылғалды жақсы сақтайтынын дәлелдейді. Химиялық қоспасыз, табиғи өнім болғандықтан оған «ЭКО тыңайтқыш» деп атау берген.

Ұлжан Қанатбек, М.Х.Дулати атындағы тараз өңірлік университетінің студенті:

Бұл тыңайтқыш күйдіру себебі – топырақтың құрамын дымқылдандырады және топырақтың құрамына өзінің дәрумендерін беріп тұрады, бөліп отырады. Құс шаруашылығы қалдықтарынан және мал шаруашылығы қалдықтарынан тек қана «Эко тыңайтқыштар» ғана емес, сонымен қатар белсендіріліген көміртегі де алуға болады.


Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу