Қызылордалық математик жаңа теңдеу ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалық математик жаңа теңдеу ойлап тапты

10.03.2016
Қызылордалық математик жаңа теңдеу ойлап тапты
Қызылордалық математик жаңа теңдеу ойлап тапты

Қызылордалық оқушы Әбілпәсім Ләтіш жаңа математикалық теңдеу ойлап тапты. Білгір жас Галилео Галилейдің 17 ғасырда енгізген циклоида формуласының жаңа моделін шығарып, оны ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алатын зияткердің бұл жаңалығын келешекте құрылыс жобаларын сызуда, кескіндеуде кеңінен қолдануға болады.

Әбілпәсімнің математикалық теңдеуі халықаралық интеллектуалдық байқауда үздік деп танылып, ғалымдардың таңданысын туғызған. Себебі 400-ге жуық жас математиктің арасынан дара шыққан қызылордалық өреннің бұл еңбегі математика іліміне тағы бір жаңа формула енгізіп отыр. Бұл геометриялық кескіндемелерді оқушы бір жыл бойы зерттеп, Геогебра динамикалық математикалық бағдарламасы арқылы ойлап тапқан. Ізденімпаз жас енді математика ғана емес, астрономия мен физика ғылымдарын да тереңінен зерттеуді мақсат етіп отыр.

Толығырақ Ұлттық арнаның Kaznews жаңалықтарынан көріңіздер.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу