Жол апатына түскен зейнеткер ел жинап берген 4 млн теңгені науқас балаларға аударды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол апатына түскен зейнеткер ел жинап берген 4 млн теңгені науқас балаларға аударды

22.09.2022

«Запорожец» көлігімен жол апатына түскен павлодарлық зейнеткер ауыр науқасқа шалдыққан балаларға көмектесу үшін 4 млн теңге аударды. Ефим Купин бұл халықтың ықыласы, дейді.

Естеріңізге сала кетейік, 85 жастағы қария осыдан бір ай бұрын көлік соғып, кінәлі болған еді. Шарасыз күйдегі қарияның суреті әлеуметтік желіде тараған соң, оған бей-жай қарамаған көпшілік қаржы жинай бастады. Тіпті, Абай облысының тұрғыны қарияға «Запорожец» көлігін де сыйға тартты. Қазақстандықтардың қанша ақша жиғаны белгісіз, бірақ қария сол қаржыдан мұқтаж жандарға көмек қолын созуды жөн көріпті.

Ефим Купин, қала тұрғыны:

Маған көмектескен барша адамдарға рақмет. 4 млн теңгені мұқтаж балаларға аудардық. Әлеуметтік желіде нақты кімге ақша берілігенін жариялаймыз.


Хабарламаларға жазылу