Пан Ги Мун Қазақстанмен тиімді серіктестіктің одан әрі нығайып, дами беретініне сенім білдірді
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «G20» саммиті аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, сондай-ақ, байланыстарды одан әрі дамыту перспективаларын қарастырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Пан Ги Мун халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Мемлекет басшысы еліміз бен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың жемісті екенін айтып, ұйымның жаһандық бастамалары мен жобаларын Қазақстанның қолдайтынын жеткізді.
Пан Ги Мун елімізбен тиімді серіктестіктің одан әрі нығайып, дами беретініне сенім білдірді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО Алтай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтті
10.09.2026, 17:37
Энергия ресурстарын тиімді пайдалану жұмысы күшейеді
10.09.2026, 17:35
Павлодарда макулатураны өңдейтін кәсіпорын салынып жатыр
10.09.2026, 17:33
Әке институты қоғаммен қатар өзгеріп келеді
10.09.2026, 17:30
Білімді ұрпақ – ұлт болашағының негізі
10.09.2026, 17:27
Қазақстанда микрохирургия мектебі бірінші рет ашылды
10.09.2026, 17:25
Ел және әлем жаңалықтарына қысқа шолу
10.09.2026, 17:20
Астанадан 200 бала шекара қызметіне аттанды
10.09.2026, 17:17