Елбасы «G-20» саммитінде жаһандық проблемаларды шешу жолдарына қатысты ойларымен бөлісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы «G-20» саммитінде жаһандық проблемаларды шешу жолдарына қатысты ойларымен бөлісті

04.09.2016
Елбасы «G-20» саммитінде жаһандық проблемаларды шешу жолдарына қатысты ойларымен бөлісті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «G-20» саммитінде жаһандық экономикалық проблемаларды шешу жолдарына қатысты ойларымен бөлісті.

«Біздің көзқарасымызша, экономика мен қаржыны жаһандық реттеуде бірыңғай жаһандық ұйым жетекші рөлге ие болуы тиіс. Мұндай құрылымды БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесін Жаһандық даму кеңесі де қайта құру жолымен жасақтауға болады. Оған Жаһандық экономикалық реттеуші қызметі жүктелуі қажет», - деді Елбасы.

Н.Назарбаевтың пайымынша, монетарлық және фискалдық саясатты үйлестіру, құрылымдық реформаларды түбегейлі жүргізу қажет. Бірақ, ол ұзақмерзімді преспективада тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз.

«Дамушы елдерді қоса алғанда, бүкіл әлемде айырбас курсын тұрақтандыру бойынша барынша елеулі ұсыныстар әзірлеу керек», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Елбасы  Қазақстан қазіргі уақыттағы ең өткір мәселелерді шешудегі өз көзқарасын «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесінде ұсынғанын еске салып, «G20» тарабынан ядролық қарудан және өзге де жаппай қырып-жою қаруынан азат әлем құруда әрі Манифест идеяларын жүзеге асыруда қолдау болатындығына сенім артатындығын баса айтты. 

«Терроризмді толығымен жеңу үшін G20-ның барлық мүшелерінің және басқа мүдделі елдердің күшін біріктіру жақсы бастама болар еді. Мұны барша әлемдік қоғамдастық күтіп отыр», - деді Н.Назарбаев.

Еске салсақ, 1 қыркүйекте Н. Назарбаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыртуымен G20 саммитіне қатысу үшін Қытайға келді.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу