26 тамызда республика аумағының басым бөлігінде күн ашық болады, солтүстік-батыста ғана найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстігінде түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік пен шығыста жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі. Күндіз Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды облыстарында аптап ыстық болады. Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.