Нағима Есқалиева, Айша Байбосынова – «Түсінбедім» (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нағима Есқалиева, Айша Байбосынова – «Түсінбедім» (ВИДЕО)

31.07.2016
Нағима Есқалиева, Айша Байбосынова – «Түсінбедім» (ВИДЕО)

Әні:С.Бәйтереков

Сөзі:С.Медеуова

 

Мәңгі ұмытып саған деген әнімді,

Сөндірдің бе кеудедегі жалынды.

Шалғай кетіп күндер, айым тербеткен,

Көңілім неге қасіретке шалынды?

 

Қайырмасы:

Түсінбедім, түсінбедім, түсінбедім бұл жайды?

Тұнық айдын, тұнық айдын неге бүгін мұңайды?

Қызық дүние, қызық дүние махаббат боп көрінген,

Айтшы жаным, айтшы жаным неге енді мұңайдың?

 

Қайда кетті құс боп ұшар шаттығым?

Қай жырымнан әуенді сыр, таптым мұң?

Қайда сол кез таныстырған біздерді?

Қайда өзің қарсы алдымнан шығар күн?

 

Қайырмасы:

Түсінбедім, түсінбедім, түсінбедім бұл жайды?

Тұнық айдын, тұнық айдын неге бүгін мұңайды?

Қызық дүние, қызық дүние махаббат боп көрінген,

Айтшы жаным, айтшы жаным неге енді мұңайдың?

 

Жыр – табиғат, сыр – табиғат ырғақты,

Баурап алар сезім талды түн қатты.

Мезгілінен кеш оянған жүрегім,

Кешір қалқам, тек өзіңе тіл қатты.

Хабарламаларға жазылу