Талғам мен танымы биік әнші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талғам мен танымы биік әнші

26.09.2014
Талғам мен танымы биік әнші

Лаки Кесоглу Шымкент музыкалық училищесін, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын үздік бітірген. 1964 жылы консерватория студенті бола тұра, Қазақ радиосы мен телевизиясының симфониялық оркестрімен өнер көрсете бастады.

Оның құрамында 400-ден астам жазба жасады. 1972 жылы Мәскеу қаласында  алғаш рет Одақтар Үйінің Колонналы залында өнер көрсетеді.  

Лаки Кесоглу –  әншілердің бір тобын тәрбиелеп шығарған педагог. Олардың  арасында: Нағима Есқалиева, Айжан Нұрмағамбетова, Жеңіс Ысқақова, Гүлсім Макитова, Яннис Кайсидис және басқалар бар.

Өзіндік үні мен өрнегі бар әнші бүгінге дейін 300-ге жуық ән жазған. Жұлдыздардың ән әлемінде жарқырауына ықпал еткен ұстаз турасында бүгін 18.15-те «Өнердегі өрісі кең Лаки Кесоглу» арнайы тележобасын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу