«Гәкку дауысы». 1-бөлім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Гәкку дауысы». 1-бөлім

21.11.2015
«Гәкку дауысы». 1-бөлім

Алматының ескі алаңына 40 мыңға жуық көрермен жинаған айтулы шараның бірі – «Гәкку дауысы». Елуден астам әнші  өнер көрсеткен концертте Нағима Есқалиева,  Тамара Асар, Қыдырәлі мен Қарақат, Ренат Гайсин, Мәдина Сәдуақасова, Алмас Кішкенбаев, Әлішер Кәрімов, Айқын, Әли Оқапов және «МузАрт», «Мюзикола», «Ұлытау», «Формат», «Арнау», «Magic of Nomads» және т.б. өнерпаздар бар.  

Сондай-ақ, киелі сахнада жүргеніне 40 жыл толған Роза Рымбаева, 25 жылдан бері бірліктеріне сызат түспеген «Нұр-Мұқасан» дуэті, 15 жылдан бері әндері мен билері жарасым тапқан «Орда» тобы және Дильназ Ахмадиева жанды дауыста өнер көрсетті.

Керемет кештің бірінші бөлімін бүгін Ұлттық арнадан сағат 17:50-де көре аласыздар. Ал, екнші бөлімі 22 қараша 17:50-де эфирге шығады.

Хабарламаларға жазылу