Ұлттық музыка бәйгесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық музыка бәйгесі өтеді

28.06.2014
Ұлттық музыка бәйгесі өтеді
 
3 шілдеде Астана қаласы, «Бейбітшілік және Келісім» сарайында екінші кәсіби музыкалық «Астана жұлдызы. Ұлттық музыка бәйгесі-2014» өтеді.  Бәйге Астана күні қарсаңында ұйымдастырылмақшы. 
 
 «Астана жұлдызы. Ұлттық музыка бәйгесі»-нің бастамасышы – Астана қаласы әкімдігі, ұйымдастырушы -  «Adam Media Group».
  
Шараға шақырылған қонақтар қатарында Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Қыдырәлі Болманов, Қарақат Әбілдина, Ғалымжан Молданазар, Сара Найман, Нұржан Керменбаев, Маржан Арапбаева, Әли Оқапов, Марсель, «Формат», «Орда», «Rin’go», «КешYOU» топтары бар.
 
Жобаның басты мақсаты - кәсіби білікті сарапшылардың таңдауы арқылы ұлттық музыканың өркендеп, өрлеуіне ықпал ету, сапалы музыканың сұранысқа кеңінен ие болуына жағдай жасау. Бәйге болашақ Қазақстанның жарқын келбетімен байланысты болмақ.

Хабарламаларға жазылу