Ауылға да Сүгір-ай келді деп,
Ордасында талайдың сайраған.
Сары самаурын, ақ құман,
Кең дастархан-ау жайнаған.
Ағалар да елдің-ау аман бол,
Келді ме деп-ай, жыршы да.
Жеңгейлерім де бар еді ай,
Ботадай көздері-ай жайнаған.
Ал, інілерім де бар еді,
Сүгір де ағам ай келді деп.
Ат шаптырып та айхайлап,
Хабар да салған-ау еліне.
Мәжіліс деп айтады-ау жеріне,
Көңілі де құрғыр-ай мастанам.
Біз жүре беріппіз жігіттер-ей,
Адайдың да берген-ау жерінде.
Келіндерім де бар еді,
Қайын аға келдің-ау, дегенде.
Реңін де қалайда көрем деп,
Алыстан тұрып та болжаған.
Сызылып та талайы-ай сыйлаған,
Құрбыларым да-ай бар еді.
Қонып та кетсейші-ей құрдас деп,
Талайдың жанын қинаған.
Қыздарым да бар еді,
Шай құйып та беріп-ей, атамның.
Батихасын ай алам деп,
Саусақтары да майысқан.
Қыпшада белдері-ау қайысқан.
Алтыда қанат-ай ақ орда,
Айырылып та қалып ей, барасың.
Біз сияқты күнінде,
Шабысы да жүйрік ей арыстан.