«Әдемі» (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әдемі» (ВИДЕО)

24.07.2016
«Әдемі» (ВИДЕО)

Әні: Е.Серікбаев

Сөзі: А.Шаяхметов

 

Күн  сәулесі  төгілгені – әдемі,

Кемпірқосақ  керілгені – әдемі.

Көк  шалғында  асыр  салып  жүргенде, 

Көк  көбелек  көрінеді – әдемі.

 

Жас  шыбықтың  бүр  ашқаны – әдемі,                                          

Алма  ағаштың  гүл  ашқаны – әдемі.

Қариялар  жол   үстінде  кездесіп, 

Амандықты  сұрасқаны – әдемі.

 

Бұлбұл құстың  сайрағаны – әдемі,

Қозы-лақтың  ойнағаны – әдемі.

Ақ  боз  атын ерттеп  мініп  атамның,

Қойды  өріске  айдағаны – әдемі.

 

Ақ ботаның үріккен кезі – әдемі,

Әжеміздің күлген көзі – әдемі.

Бәрінен де жасқа толған бөпемнің,

Тәй-тәй басып жүрген кезі – әдемі.

 

Бұлбұл құстың  сайрағаны – әдемі,

Қозы-лақтың  ойнағаны – әдемі.

Ақ  боз  атын ерттеп  мініп  атамның,

Қойды  өріске  айдағаны – әдемі.

 

Домбыраны баппен тартсаң – әдемі,

Шарықтата әнге салсаң – әдемі.

Ұлан-сыр думанды-той үстінде,

Құрбылармен ойнап-күлсең – әдемі.

 

Бұлбұл құстың  сайрағаны – әдемі,

Қозы-лақтың  ойнағаны – әдемі.

Ақ  боз  атын ерттеп  мініп  атамның,

Қойды  өріске  айдағаны – әдемі.

Хабарламаларға жазылу