Одри Хепберннің сұлулыққа қатысты кеңестері (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Одри Хепберннің сұлулыққа қатысты кеңестері (ВИДЕО)

09.09.2015
Одри  Хепберннің сұлулыққа қатысты  кеңестері (ВИДЕО)

Бүгін – Сұлулық күні. XX ғасыр сұлуы атанған Одри  Хепберннің сұлулыққа қатысты  кеңестерін ұсынамыз.  

Актриса әйелдердің қалай тартымды болу керектігі туралы көп кеңес берген. Ол бастысы – сыртқы келбет, киім, байлық сынды нәрселер емес, адамның ішкі жан дүниесі, жүрегінің тазалығы мен айналасындағыларға деген махаббаты деген екен.

  • Ерніңіздің тартымды болуын қаласаңыз, жақсы сөздер айтыңыз;
  • Арық боламын десеңіз, тамағыңызды кедейлермен бөлісіңіз;
  • Көздеріңіз әдемі болуын қаласаңыз, айналаңыздағы әдемі дүниелерді көре біліңіз;
  •  Шашыңыз әдемі болуы үшін бүлдіршінге шаштарыңызды сипатыңыз.
  • Өзіңізге сенімді боламын десеңіз, қасыңызда біреудің болуына мүмкіндік беріңіз.

Әсемдік сыртқы бейнеде емес, әйелдің жанында. Сұлу боламын десеңіз, ішкі махаббатыңызды көрсетіп, онымен бөлісе біліңіз.

Әйелдің сұлулығы оның киімі, шашы, не келбетінде емес, әйелдің сұлулығы махаббатқа толы жанарында.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу