«Аяулы арман» телехикаясының актерлері «Таңшолпанға» сұхбат берді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аяулы арман» телехикаясының актерлері «Таңшолпанға» сұхбат берді (ВИДЕО)

11.04.2016
«Аяулы арман» телехикаясының актерлері «Таңшолпанға» сұхбат берді (ВИДЕО)

Ұлттық арна эфирінен көрсетіліп жатқан «Аяулы арман» телехикаясында 20-дан астам актер ойнайды. Туынды балалар үйі тәрбиеленушілерінің өмірі мен үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамдары туралы баяндайды.

Фильм актерлері Шер Әли, Әдемі Сүлейменова және Салтанат Бекжігітова бүгін «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді.

Қамбар есімді байдың ерке баласының рөлін сомдаған Шер Әли: «Өз болмысым мен кейіпкерім бір-біріне мүлдем қарама-қайшы. Өмірде басқа адаммын. Жалпы, телехикаяның жасөспірімдерге берер тәлімі мол», дейді.   

Салтанат Бекжігітова фильмнен кейін өмірге деген көзқарасының өзгергенін айтады. Ал, Әдемі Сүлейменова үшін түсірілім барысында ең қатты әсер еткен тұсы - жетімдер үйіне барғандағы сәт. «Өмірде алғаш рет жетімдердің шынайы тағдырын көріп, сезіндім», дейді ол.

Актерлердің болашақтағы арман-мақсаттары қандай? Сұхбаттың толық нұсқасы «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу