Әлемдегі ең әдемі құстар (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең әдемі құстар (ВИДЕО)

16.06.2014
Әлемдегі ең әдемі құстар (ВИДЕО)
Махаббат пен сенімнің, тазалықтың символы саналатын аққу -  ең әдемі құстардың бірі. Олардың есте сақтау қабілеті өте жақсы дамыған. Сол арқылы олар өздеріне жасалған жамандық пен жақсылықты үнемі ажырата алады.
 
Әдемі құстардың санатына жататын тауысты көптеген ел патшалықтың, әулиеліктің белгісі ретінде құрметтейді.
 
Отаны - Оңтүстік Азияда тауысты барыс пен жылан сияқты қауіп-қатер жақындап келе жатқанда белгі беретіні үшін жоғары бағалайды.
 
Танагра - жеті түрлі түстен тұрады. Сондықтан, оны «жеті түсті құс» деп те атайды. Ол сулы ормандарда тіршілік етеді.
 
Ал, ең әдемі үйрек – мандаринка, «балықшы құс» туралы не білесіз?
 
«Таңшолпаннан»  тамашалаңыздар. 

Хабарламаларға жазылу