«KADEX-2016» көрмесіне келушілерге ұлттық стильдегі 10 киіз үй орнатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KADEX-2016» көрмесіне келушілерге ұлттық стильдегі 10 киіз үй орнатылады

27.05.2016
«KADEX-2016» көрмесіне келушілерге ұлттық стильдегі 10 киіз үй орнатылады

Астанадағы IV халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери техника көрмесінің басталуына санаулы күндер қалды. Көрсетілетін техника көрме өткізілетін орынға шоғырлана бастайды. Ал ұйымдастырушылар келушілер мен қатысушылар үшін соңғы жұмыстарды жүргізіп жатыр. 

ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін көрмеге қатысушылар мен келушілер үшін ұлттық стильдегі 10 киіз үй орнатылады.

«Екі киіз үйде ұлттық кәдесыйлар сатылады, біреуінде қазақ тұрмысының дәстүрі мен мәдениетін, қалған жетеуінде ұлттық ас мәзірі, яғни, қазы-қарта, қымыз, шұбат, көже, сондай-ақ өзге елдердің тағамдары сатылымға шығады», - делінген хабарламада.

Тағам бағалары нарық бағасына қарағанда қолжетімді болады, - дейді ұйымдастырушылар. Бір күнде 1500-2000 адамға қызмет көрсетіледі деп күтілуде.

IV халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери техника көрмесін әлемнің 15-тен аса елінен бұқаралық ақпарат құралдарының 300-ден аса өкілі жариялайтын болады. 

Хабарламаларға жазылу