Ақтөбелік өнертапқыш қос қабатты киіз үй үлгісін жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік өнертапқыш қос қабатты киіз үй үлгісін жасады

01.04.2014
Ақтөбелік өнертапқыш қос қабатты киіз үй үлгісін жасады
Ақтөбелік Аманбек Сыдықов ЕХРО-2017 көрмесіне өз туындысын ұсынбақшы. Ол қос қабатты киіз үй жасаған. 12 қанат ақ ордада 3 жатын бөлме, жуынып, тынығатын бөлмелер және жоғары қабатта үлкен қонақ бөлме болады.
 
Әр бөлме қазақтың салт-дәстүрін көрсететін ұлттық нақышта безендіріледі. Шаңырағы да ерекше. Күннен қуат алатын қондырғы орнатылады.
 
Аманбек заманауи киіз үйін патенттеп алған соң, ЕХРО-2017 көрмесіне ұсынады. Одан соң туған елі Ырғыз өңірінде осы киіз үйді салып, ішкі туризмді дамытуды жоспарлап отыр. Аманбектің жобасында қазақтың барлық ырым-тиымдары ескерілген.
 
Аманбек Сыдықов, өнертапқыш: 
7 бөлмелі және іргетасы 70 сантиметр. Бөлме терезелері де жетіден келеді. Биіктігі - 7 метр. Жеті қасиетті сан болғасын бәрін жетіден шығардым. Уықтары - 70. Бұл кез келген материалдан салынады. Экотоннан, саман кірпіштен, қамыстан да үй салуға болады.
 
 
Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу